Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, «Компания Бамус Сервис» ЖШС-і бұрынғы директоры Ж. Бабаев заңсыз жолмен «Чапаев-Жаңақала-Сайхин» автокөлік жолын күрделі жөндеу кезінде 178 млн.теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражатты ұрлаған. Сот шешімі бойынша ол мүлкін тәркілеумен 5 жыл бас бостандығынан айырылды. «Қазіргі кезде келтірілген шығын толық көлемде өндірілді», - дейді М.Жұманбай.