Автотұрақ қызметкерін атып кеткен жүргізуші ұсталды - Алматы ІІД

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абылайхан және Жібек жолы көшелерінің қиылысында автотұрақ қызметкерін атып кеткен жүргізуші ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек айтты.

1987 жылы туылған «Тойота Рав4» көлігін тізгіндеген азамат өзінің атына тіркелген травматикалық қаруымен көлік тұрағының қызметкерін аяғынан жаралаған. Күдікті Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлерімен ізін суытпай ұсталды. Көлік тұрағының қызметкері жақын арадағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Қазір аталған дерек ҚР ҚК 293-3 бабына сәйкес бірыңғай сот алдындағы тергеу тізіліміне тіркелді. Күдікті уақытша қамау оқшаулағышына қамалды.