Аягөз қаласы мен Өскемен арасында автобустардың қозғалысына шектеу қойылды-«Қазақавтожол» РМК

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысында автобустардың қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, сағат 18:00-ден бастап ШҚО аумағында дауылды желге және жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының «Аягөз-Қалбатау-Өскемен» учаскесінің 778-1079 шақырымында жолаушылар автобустарының қозғалысына шектеу қойылды. Қазіргі кезде №28,30,71 Жол пайдалану бекеттері аталған аралықта жолды тазалау жұмыстарын атқаруда.