«Аягөз-Қалбатау» және «Семей-Қалбатау» жолдары жабылды - ШҚО

ӨСКЕМЕН. 26 наурыз. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанда «Аягөз-Қалбатау» жолының 778-973 шақырымы және «Семей-Қалбатау» бағытындағы жолдың 758-904 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды.

Өңірдегі басқа жолдар барлық бағыт бойынша көліктің жүруі үшін ашық.

Өткен тәуліктерде Шығыс Қазақстанның төтенше жағдайлар қызметі жолда қалған ондаған адамды құтқарды. Жарма ауданындағы «Аягөз-Жаңғызтөбе» жолында 83 көлік қарға кептеліп қалған, 15 адам құтқарылды.

Сондай-ақ Семей қаласының төтенше жағдайлар қызметі қиындыққа тап болған 6 адамды құтқарса, Семейден 60 шақырым жерде орналасқан Күшікбай қыстауынан ауруханаға бір жарым жастағы бала жеткізілді.

Жарма ауданында Шығыс аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Жорға ауылынан соқыр ішекпен ауырған кішкентай сәбиді Қалбатау ауылының ауруханасына жеткізді.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері қарлы боран, жауын-шашын, жолдарда көк тайқақ, секундына 28 метр жылдамдықпен соғатын қатты жел болады, Жарма ауданында желдің жылдамдығы секундына 35 метрге жетеді деп күтілген. Өңірде күндізгі температура 5-10 гардус суық болады, түнде 12 градусқа дейін суытады.