Аяз, тұман: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Атап айтқанда, 7 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

7 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус қатты аязсақталады.

Түнде 7-8 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде 37 градус қатты аяз болжанады.

7-9 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады. Түнде 7 қаңтарда жекелеген аумақтарда 25 градус аяз тұрады.

7 қаңтарда Шымкент қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

7 қаңтарда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың батыс бөлігінде көктайғақ болады.