деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2 мыңнан астам қыз-келіншек қатысқан сауалнамаға сүйенсек, олардың әрқайсысы өмір бойына дүкен аралауға орта есеппен 25 мың 200 сағат жұмсайды екен. Және уақыттарының көбісін олар жаңа киім, аяқ киім, басқа да заттар іздеумен өткізеді екен. Бірақ, азық-түлік сатып алу да әйелдердің біраз уақытын - шамамен жоғарыдағы уақыттың ширек бөлігін алады. Сауалнама көрсетіп отырғандай, респонденттер жыл сайын 300-дей рет дүкендерге «жорық» жасап, оған 400 сағатын уақытын жұмсайды екен, оның ішінде 95 сағатын олар азық-түлік дүкендерінде өткізеді екен.
Бұл «өте орташаландырылған» мәліметтер, дейді зерттеушілер. Себебі, кейбір қыз-келіншектер дүкендерді «жүгіріп» қана аралайтын болса, кейбір әйелдер өмірінің біраз бөлігін дүкен аралаумен өткізуге бар.