Жеке үйлер негізінен Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында салынуда, деп баяндады құрылыс басқармасының бастығы Бауыржан Есмұқанов. 2013 жылдың жеке тұрғын үй салу жоспарында 45 мың шаршыметр салу көзделген, соның 11 мың шаршыметрі пайдалануға берілді.
Аймақ басшысының тапсырмасымен жеке тұрғын үй құрылысының көлемін жылына 100 мың шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр. Тұрғын үй құрылысына ұсынылған 4557 учаскеге зерттеу жүргізілді, облыста жер учаскелерінің қоры бар. 1890 учаскенің пайдаланылмай тұрғаны анықталды, соның ішінде 503 жер учаскелерінің иелеріне жыл ішінде алынған жерді мақсатына белсенді пайдалану жөнінде ескертпелер берілді. Ал 407 учаске мемлекет иелігіне қайтарылды, иесіз тұрған 875 жер телімі есепке алынды. Құрылыс бойынша белгіленген жоспарды орындау үшін инженерлік коммуникациялар тарту одан әрі жалғастырылады, деді Ерлан Арын. Жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін тұрғын үй жинақтау жүйесін кеңінен пайдалану қажет.