Аймақтық ғылыми конференция Қаныш Сәтбаевтың 110 жылдығына арналды

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде өткен «Сәтбаев және қазіргі ғылым» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция ғалымның 110 жылдығына арналды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Университет ғылыми кеңесі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының облыстық филиалы, қалалық ақпараттық-кітапханалық жүйесінің ұйытқы болуымен жүзеге асырылған іс шара аясында Қаныш Имантайұлының геология ғылымын дамытудағы мол еңбегі тілге тиек етілді. Оқу орнында көшпелі көрме ұйымдастырылып, онда белгілі ғалымның қатысуымен ашылған ғылыми жаңалықтары, қазба байлықтарының үлгілері, ғылыми еңбектері қойылып, көпшілік назарына ұсынылды. Студенттер мен ұстаздар қауымы өз баяндамаларын ғалымның ғылыми жетістіктеріне арнап, тың ізденістеріне арнапты. Сонымен қатар Қаныш Сәтбаевтың қоғам қайраткерлігі, ұйымдастырушылық қызметі, ұстаздық еңбегі әңгіме арқауына айналды.