«Айсұлу» балалардың сән театры - «Будущее планеты» халықаралық конкурсының жеңімпазы

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы «Колос» балалар орталығының «Айсұлу» сән театры Санкт-Петерборда өткен «Будущее планеты» халықаралық конкурс-фестивалінде өнер көрсетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Достастықтың барлық елдерінен 650 адам қатысқан бұл шарада павлодарлық сән театры бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды, ал «Колос» балалар орталығының жас әншісі Инна Беребецкая лауреат атағын алды. «Айсұлудың» қыздары домбырамен және скрипкамен орындалған қазақ күйінің әуеніне ілесіп, көрермен қауымға суретші Наталья Григорьеваның «Дала әні» ұлттық киімдер топтамасын көрсетті. Нева өзенінің жағасындағы қаланың қазақ диаспорасы өкілдері қазақстандық қатысушыларды қызу қолдап, оларға жанкүйер болды. Аймақаралық Экономика және құқық институтының ректоры Ерлан Ысқақов модельдерді көрсету үшін орын бөліп, осы жерде павлодарлық фотосуретші Алексей Усовтың көрмесі ашылды. «Айсұлудың» Санкт-Петербордағы жеңіске «Колос» орталығының директоры Галина Мотинаның еңбегінің арқасында қол жетті, себебі жас әртістерге қолдау көрсеткен демеушілерді осы кісі тапқан еді.