«Былтыр инвестициялық міндеттемелер бойынша - 28, өтініштер мен жоспар бойынша төрт-төрттен, энергия жинақтаушы кәсіпорындарға - 2, лицензиаттарға - 4, реттелетін нарық субъектілеріне - 5 тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде 4,1 миллион теңгеге айыппұл салынып, 2,8 миллион теңгенің 2 әкімшілік ісі сот қарауына жіберілді», - дейді Дәрен Жандарбекұлы.
Оның сөзіне қарағанда, 2009-2010 жылдардағы жылу маусымы кезінде қайта есептеу бойынша тұрғындарға 67,2 миллион теңге қайтарылды. Оның 18,9 миллионы «Алматыжылукоммунэнерго», 48,3 миллионы «Алматыэлектрстансылары» кәсіпорындарының үлесінде. Департамент қызметкерлері былтыр сондай-ақ, жұртшылық арасында өз жұмыстарына қатысты 23 шара өткізген. Оның 8-і тарифтік, 12-сі норматитвтік техникалық шығындардың жобалары, ал үшеуі тарифтік сметалардың орындалуы бойынша өтті.
17:14, 25 Қаңтар 2011
Айыппұл шаралары ретінде республикалық бюджетке 2010 жылы 27 миллион теңге өндіріліп алынды - Д.Жандарбек
АЛМАТЫ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті былтыр 47 тексеру шараларын жүргізді. Оны департамент директоры Дәурен Жандарбек бүгін 2010 жылдың қорытындысына арналған мәжіліс барысында айтты.