Бұл туралы бүгін Ұлттық баспасөз клубының филиалында өткізілген баспасөз мәслихаты барысында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Асқар Нұрғазиев пен Спорт және туризм басқармасының бастығы Асқар Можанов хабарлады.
Атап өтілгендей, Алау эстафетасы қысқы Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Бұл тек спорттық шара ғана емес, біздің еліміздегі орасан маңызды саяси оқиға да. А.Нұрғазиевтің айтуынша, «7-қысқы Азия ойындарының алау эстафетасы - «Азиада-2011-дың» алғашқы қарлығашы іспеттес, бұл - нағыз халықтық жоба.