САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында биатлоншыларымыз бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
Жерлестеріміз жүлдеге биатлоннан өткен аралас эстафета (2×6 км - әйелдер, 2×7,5 км -ерлер) ие болды. Бұл бүгінгі қоржынымызға түскен алғашқы медальдар. Алда тағы да бәсекелер күтіп тұр. Бұл медальдар саны артады деген үміттеміз.
Жеңімпаздардың көрсеткіштері:
1. Қазақстан (Галина Вишневская, Дарья Усанова, Максим Браун, Ян Савицкий) - 1:15:40.3 (1 5 0 7)
2. Қазақстан (Алина Райкова, Анна Кистанова, Василий Подкорытов, Антон Пантов) - 14.2 (0 3 0 6)
3. Жапония - 2:44.8 (1 6 0 7).
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.