Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының бесінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үшінші алтын жүлдеден кейін медальдар кестесінде қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін, қыркүйекте ел құрамасы қоржынына екі алтын медаль түсті. Осылайша олардың саны үшеуге жетті.
Алдымен Зухра Ирназарова 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды.
Одан кейін Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды.
Аталған үш алтын жүлдеден кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 12-орыннан 9-орынға көтерілді.
Көш басында Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония құрамалары тұр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.