Әзірбайжан үкіметі ата-аналарға болашақ баланың жынысын білуге тыйым салмақшы

АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат - Әзірбайжанның парламенті болашақ баланың жынысын ата-аналарына хабарлауға дәрігерлерге тыйым салатын пысықталған заң жобасын қарауға кірісті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Day.Az сайтына сілтеме жасап.

«Репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау туралы» жаңа заң ел тұрғындарының дәстүр бойынша қыз емес ұл балалы болғанды қалайтынына байланысты әзірленген. Осының арқасында селективті түсік тастату тәжірибесі кең таралған, ол Әзірбайжанды демографиялық дағдарысқа әкеле жатыр.

Статистика бойынша соңғы 12 жыл ішінде туған сәбилердің тек үштен бірін ғана қыз балалар құрайды, ал қалыпты ара-қатынас 105 ұл балаға 100 қыз баладан келуі керек деп саналады. Мектептерде 1-6 сыныптарда оқитын 16 ер жынысты балаға тек 6 ғана әйел жынысты оқушылардан келеді.