Бұл модельдің әлемдік премьерасы 2012 жылдың аяғында Лос-Анджелес қаласында халықаралық авто-шоу барысында өтті.
Қазақстандық зауыт модельдің үшінші буынын шығаруды жолға қойған әлемдегі алғашқы көлік өндірушілердің бірі болып табылады. Қазақстандықтар Корея мен АҚШ-тағы сатып алушылардан кейін жаңа үлгіге қол жеткізгендердің бірі болды.
KIA Cerato - әлем бойынша 2,5 млн. данамен тараған кореялық көлік алпауытының экспорттық модельдерінің ең сәттісі.