Азия чемпионатында қазақстандық ауыр атлеттер ел қоржынын тағы да екі қола медальмен толықтырды

ТАШКЕНТ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстан спортшылары Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер және жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында тағы екі қола медаль алды.

Атап айтқанда, 58 келі салмақта өнер көрсеткен Фаина Сиванбаева жұлқи көтеруде 81, ал серпе көтеруде 90 келіні бағындырса, 77 келідегі еліміздің тағы бір спортшысы Иван Ермилов бірінші әрекетте 141, келесіде 165 келіні көтеріп, қола медальді иеленді.

Сонымен қатар, бүгін қазақстандық тағы бір спортшы Рима Савченко (75 келі) жарысқа қосылады.

Қазіргі уақытта еліміздің ауыр атлетикадан жастар құрамасының қоржынында 2 күміс, 1 қола медаль бар.