Азия чемпионатында қазақстандық жасөспірім баскетболшылар бүгін Сауд Арабиясы құрамасынан басым түсті

АЛМАТЫ. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Баскетболдан Малайзияның  Джохор-Бахру қаласында   16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандықтар  бүгін Сауд Арабиясы  құрамасынан 64:38 есебімен басым түсті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Борис Борисовтың шәкірттері іріктеу кезеңінде В  тобында  3-ші орын алды. Олар Бахрейн құрамасын (63:54)   ұтып,  филиппиндік құрдастарына 50:76,  ал жапондық  құрдастарына 66:78 есебімен  есе жіберген болатын.  Ширек финалда қазақстандықтар 4-ші топқа түсті. Онда С тобында 4-ші орын алған Куәйт баскетболшыларымен болған алғашқы ойында 63:66 есебімен  есе жіберген қазақстандықтар келесі 2 ойында басым түсті. Олар Д тобында 3-ші орын алған Малайзия спортшыларын 75:59, ал  А тобында 4-ші орындағы Сауд Арабиясын 64:38 есебімен ойсырата ұтты. Қарашаның 19-ы күні жалауы көтерілген бұл чемпионаттың ақтық ойындары қарашаның 26-27 күндері өтеді.