Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз брифингінде Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Гуангуи Ли айтты.
«Азия даму банкі 2013-15 жылдары Қазақстан экономикасына 300-400 миллион доллар инвестициялайды. Ол инфрақұрлымдық салаларға, оның ішінде энергетикалық, көліктік жобалар мен шағын және орта бизнесті қаржыландыруға жұмсалады», - дейді Гуангуи Ли.
Оның айтуынша, Азия даму банкі Қазақстанда мемлекетік-жеке серіктестікті дамыту және білімді жетілдіру келісімдеріне қол қойған. Осыған орай үкіметтің қандай бағытта зерттеу жүргізуіне байланысты техникалық көмектер көрсетіледі.