деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербековтың айтуынша, аталған құжатқа сәйкес, Азия Даму Банкі Қазақстанға үш траншпен жалпы сомасы 700 млн. АҚШ долларды құрайтын несие беретін болады. «Былтырғы жылы желтоқсанның 3-інде қарыз туралы келісімнің жалпы сомасы 187 млн. доллар болатын екінші траншына қол қойылған болатын. Келісім шеңберіндегі займ Жамбыл облысындағы ұзақтығы 79 шақырым болатын цемент-бетон жамылғылы учаскесіне қайта жаңарту жұмыстарын қаржыландыруға бағытталады. Қарыз беру шарттары бойынша ставка - 0,2 пайызды, міндеттемелік комиссия -15 пайызды құрайды, Қарыз мерзімі -25 жыл», деді Д. Көтербаев.
Оның айтуынша, жоба бойынша аталған жол учаскесі есептік жылдамдығы 120 шақырым/сағатты құрайтын, төрт қозғалыс жолағы бар бірінші санат жол ретінде қайта жаңартылады. Құрылыстың нормативтік мерзімі 33 айды құрайды. Осыған орай, 2010 жылғы мамыр айында аталған учаскеде құрылыс жұмыстарын толық көлемде бастау жоспарлануда.
Заң жобасы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына шығарылатын болды.