АСТАНА. KAZINFORM — Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогы іріктеу сатысында бірінші айналымдағы алғашқы ойынында Үндістан құрамасынан басым түсті.
Ел құрамасы Е тобында сынға түседі.
Қарсыластары — Иран, Қатар және Үндістан құрамалары.
Бүгінгі кездесуде қазақстандық баскетболшылар жинақы қимылдай білді.
Бірінші кезеңде қарсыластарына 13:16 есебімен есе жіберіп қойды. Қалған кезеңдерде (18:10, 13:7, 19:17) жеңіске жетті.
Осылайша қарсыласынан 63:50 есебімен басым түсті.
Енді ел құрамасы бес кездесу өткізеді. Алдымен 26 ақпанда Қатар құрамасымен шеберлік байқасады.
Одан кейін сырт алаңда 22 қарашада Иран, 25 қарашада Үндістанмен ойнайды.
Ал өз алаңында 2025 жылдың 21 ақпанында Қатар, 24 ақпанында Иранмен кездеседі.
Финалдық турнир 2025 жылдың 5-17 тамызында Сауд Арабиясында өткізіледі.
Азяи кубогы 1960 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.