Бүгін қазақстандық Каролин Чепкоеч Кипкируи 10 шақырымға жүгіруден Қытайдағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол белгіленген қашықтықты 33:15.83 секундта жүгіріп өтті. Нәтижесінде мәре сызығын бірінші болып қиды.
Аталған қашықтықта бахрейндік Виола Джепчумба Килонзо Мотосио (31:43.73) чемпион атанса, жапониялық Ририка Хиронака (31:50.74) екінші орын алды.
Қазірге дейін қазақстандық спортшылар Азия ойындарында 26 медаль еншіледі. Олардың 3-і алтын, 4-і күміс, 19-ы қола.
Еске салсақ, Азия ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты жеңді.
Сондай-ақ, Қазақстан әйелдер құрамасы көгалдағы хоккейден алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.