Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында слаломда ескек есуден қазақстандық Анастасия Ананьева күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшының көрсеткіші - 119.29 (117.29 таза уақыт бойынша 2 айып секундтары). Нәтижесінде екінші орынға қол жеткізді.
Жарыста бірінші орынды қытайлық Цзюань Хуан (107.71) иеленсе, «қола» жапониялық Харуки Окадзакиге (119.59). бұйырды.
19-жастағы Анастасия Ананьева 2022 жылы Таиландтың Паттайя қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.
Айта кетсек, слаломда ескек есуден ел құрамасы қоржынына екі қола медаль түскен еді.
Медальдар кестесінде ел құрамасы қазірге дейін 69 медаль еншілеп үлгерді. Олардың 9-ы алтын, 19-ы күміс және 41-і қола.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.