«Бірлескен белсенді қимылдар ұйым жұмысын тиімді әрі пәрменді етеді. Егер тиімді іс-қимыл мен пәрменді әрекет іске асып жатса, Азияда шешілмейтін проблемалар болмайды деп ойлаймын. Мұның маңызды екенін түсіну біздің континенттің және бүкіл жер жүзінің келешегіне деген сенімді нығайта түсері анық», - деді Лұт Әлшекенов.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 30 жылдығына орай, Ұлттық қорғаныс университетінде өткен отырысқа Кеңес хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, әскери атташелер мен 14 мемлекеттің қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.
Семинар аясында делегация мүшелері Алматыдағы бітімгерлік дайындық оқу орталығында болып, оқу орталығының инфрақұрылымымен танысты.