Өзбекстан елордасында жасөспірімдер арасында грек-рим және еркін күрестен Азиялық біліктілік турнирі өтіп жатқанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Азияның оншақты елінен жиналған палуандар Сингапурде жасөспірімдер арасында өтетін бірінші жазғы Олимпиадалық ойындарының лицензияларын сарапқа салды.
Атап айтқанда, 69 келіге дейінгі салмақта Тараз өклі Әбунасыр Өмірзақ ақтық жекпе-жекте ирандық қарсыласы Хадериан Юсуфты жеңіп, алтын медальды жеңіп алды. Сондай-ақ, 42 келі салмақта өнер көрсеткен солтүстікқазақстандық Ақан Баймағамбетов пен 58 келі салмақта күрескен Жасұлан Өмірзақов күмістен алқа тақты. Ал 50 келіге дейінгі салмақта боз кілемге шыққан тараздық Абылай Медеуов қола медальды қанағат тұтты.
Бүгін, сенбі күні түстен кейін кілемге Қазақстан құрамасының қыздары шығады.