Бұл туралы Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Аталмыш бағдарлама негізінде көктемгі-күзгі жиын-терінге, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді одан әрі қаржыландыруға, айналымдағы қаржыны толықтыруға займдар беріледі. Сыйақы ставкалары займның 5 пайызы негізінде екінші деңгейлі банктердің кепілдендіруі арқылы, займның жылдық кірісінің 8 пайызы негізінде өсімдік өнімдерін кепілдікке беру арқылы және займның 8 пайызы негізінде Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген өзге де өнім түрлерін кепілге беру негізінде жүзеге асады. Қаржы алуға мүдделі агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері «Азық-түлік корпорациясы» акционерлік қоғамының орталық аппараты мен аймақтық өкілдіктеріне барулары керек.