«Бастапқы баға 3 380 051 579 (үш миллиард үш жүз сексен миллион елу бір мың бес жүз жетпіс тоғыз) теңге. Кепілді жарна сомасы бастапқы бағаның 15 пайызы құрайды немесе 507 007 736,85 (бес жүз жеті миллион жеті мың жеті жүз отыз алты, 85) теңге», - деп хабарлады аталған АҚ баспасөз қызметі.
Аукцион 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15.00-де ( www.gosreestr.kz) тізілімінің веб-порталында өтеді.
Аукционға қатысуға арналған өтінім 2015 жылғы 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 13.00-ге дейін тізілімнің веб-порталында қабылданады (кепілді жарна түскеннен кейін).