Айта кету керек, кеше қала әкімі шаруашылық кәсіпорындарының қысқы маусымға дайындығын тексерген болатын.
«Қалалық бас су тазалау құрылғылары» фильтр стансасы 1938 жылы ашылған болатын. Былтыр аталған станса реконструкциядан өтті. Оған 1 млрд-қа жуық қаржы жұмсалды.
Жаңа нысан 1949 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан стансаның 1 кезегін алмастырды.
Стансаның өндірістік қуаты өте жоғары. Тәулігіне 254 мың текше метр суды тазалай алады.
09:31, 17 Қыркүйек 2015
Б.Байбек сумен қамту жүйесінің автопаркіне жаңа көліктердің кілтін табыс етті - Алматы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Бас қалалық су тазалау құрылғылары» фильтр стансасының ұжымына 7 арнайы техника берілді. Жаңа техниканың кілтін қала басшысы Бауыржан Байбек табыстады.