Б.Обама бұл туралы Бағрамдағы НАТО әуе базасында американдық әскерилермен болған кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Б.Обама өз сөзінде, егер «Талибан» мүшелері Ауғанстанды қайта бақылауларына алатын болса, АҚШ азаматтарының өмірлеріне қауіп төнетінін атап көрсетті. Бірақ та оның айтуынша, ел Ауғанстандағы АҚШ миссиясының жеңісіне сеніп отыр.
Ақ үй басшысы сондай-ақ «Талибанмен» күресудің қиын күндері әлі алда екенін және жауынгерлік операциялар барысында ауған армиясы мен НАТО әскерлері тарапынан адам шығындары болу мүмкіндігін мойындады.
Естеріңізге сала кетейік, Б.Обама Ауғанстанға жексенбі күні күтпеген сапармен келді. АҚШ Президенті сапар барысында Ауғанстан басшысы Х.Карзаймен кездесті.