Ол, АҚШ-тың құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясы, акция ұстаушылар компаниялардың топ-менеджерлерінің бонустары мен жалақыларына әсер ете алулары үшін, олардың құқықтарын кеңейту мәселесін қадағалайтынын атап көрсетті.
Ақ үй басшысы сонымен бірге, бұл шешімнің адамдарға олардың ақша қаражаттарын сақтаумен айналысатын компанияларды басқаратындарды таңдау мүмкіндігін беру қажеттілігінен туындап отырғандығын жеткізді.
Б.Обама банкирлерді қаржы ұйымдарының жұмысын бақылауды қатайту туралы өзінің ұсынысын қолдауға шақырды. Қаржы дағдарысына әкелген бұрынғы қателіктерді қайталамау үшін, осындай реформалар қажет, деп атап көрсетті Б.Обама өз сөзінде.