Қос тарап қыркүйек айында G20 саммитіне қатысу үшін Н. Назарбаевтың ҚХР сапарына дайындық барысын және екіжақты ынтымақтастық мәселелерін кең ауқымда, «Нұрлы жол» және «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламаларының ортақ тұстарын, сауда-экономикалық, индустриялық, инновациялық және басқа салалардағы өзара қарым-қатынас жайын талқылады.
Қытайға жұмыс сапары барысында Б.Сағынтаев Шэньси провинциясына, Сиань қаласына барып, аймақ басшылығымен және Қытай бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізеді.