Бұл туралы ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Күннің алғашқы жартысында министр Осакаров ауданы Қарағайлы ауылының «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде қайта құрылған су құбыры жүйесінің жұмысымен танысты. Қайта құру жұмыстарының нәтижесінде 18, 895 км су құбыры жүйесі жүргізілген.
Теміртау қаласында Болат Жәмішев «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде салынған жылумен қамтамасыз ететін жоғары көтерілетін сорғы станциясына барды. Одан кейін министр Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайына барды.
Саран қаласында Болат Жәмішев «ККК Бетон» ЖШС қызметімен танысты, онда ағымдағы жылғы желтоқсанда үй құрылысы комбинаты іске қосылмақ. Сонымен, енді келесі жылы Қарағанды қаласында үй құрылысы комбинаты шығаратын материалдарды пайдалана отырып жаңа жоба «Жанұя» тұрғын үй кешені іске асырылатын болады.
Одан басқа, Қарағандыда министр «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде құрылысы жүзеге асырылған жаңа энергия тиімділікті тұрғын үйді қарап шықты. Сонымен қатар, энергия тиімділігі бойынша қосымша іс-шаралар БҰҰДЖ жобасымен қаржыландырылған. Тұрғын үй 4 бюджеттік блок-секциясынан тұрады, жалпы пәтерлер саны 170-ті құрайды. Нысан ағымдағы жылғы желтоқсанның басында қолдануға берілді.
Одан кейін, Болат Жәмішев Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен көп пәтерлі тұрғын үйлерді қарап шықты. Жөндеуден өткен үйлерде автоматтандырылған жылу пунктері (АЖП) және жылуды тұтынуды есептейтін жалпы үй құралдары орнатылған. Бүгінгі күні жөндеуден өткен үйлердің тұрғындары автоматтандырылған жылу пунктерінің артықшылығын толық сезінген. Олар сырттағы ауа температурасына байланысты пәтердегі жылудың берілуін реттеуге мүмкіндік береді, сонымен бірге, бекітілген нормалармен емес, жылуды пайдалану фактісі бойынша төлем жүргізілгендіктен, әсіресе мезгіларалық кезеңде ақша қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қарағандыдағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша кеңесте «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру барысы және «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының шеңберінде өңірде 2013 жылы несиелік және жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген қаражатты игеру туралы бірнеше мәселелер қарастырылды. Болат Жәмішев өңірдің ауылдық елді мекендерінің жерлерін орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында әкімдікке сумен жабдықтаудың жергілікті көздерін қолдану мүмкіндігін талдау қажет екенін атап көрсетті. Сонымен қатар, министр 2014 жылғы 1 наурызға дейін «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі бекітілген өңірлік жоспарларды әзірлеп, оны ұсынуды тапсырды.