Багама аралдарында қатты дауыл болды

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Багама аралдарында қатты дауыл болды. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, тұрғын үйлер мен автокөліктер зардап шекті.

Торнадо салдарынан кран аударылып кетіп, үш адам қаза болды, тағы 4 адам жарақат алды. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс агенттігі хабарлап отыр. Оқиға Үлкен Багама аралының батыс жағалауындағы Фрипорт қаласының айлағында орын алған. Айлақта барлығы 10 үлкен техника болған, солардың алтауы дауылдың салдарынан зардап шеккен. Торнада үйлердің шатырларын ұшырып, ағаштарды тамырларымен жұлған, автокөліктерді аударған.

Дауыл АҚШ-тың шығыс жағалауынан келіп отыр. Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан Нью-Йорк, Нью-Джерси және Коннекникут штаттарында су тасқыны қаупі жарияланды.