деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Мұндай деректі ирактық полицейлер мен дәрігерлері келтірді. Лаңкестік салдарынан 106 адам жарақат алды. Бұған дейін 13 мерт болғандар және 38 жарақат алғандар туралы хабарланған болатын.
Полицейлердің деректері бойынша, лаңкестікті «шаһид белдігін» байлап алған әйел жасаған. Ол жарылғыш құрылғыны Ирактағы Кербала қаласына бағыт алып бара жатқан шейіт зияратшыларының арасында іске қосқан. Ашурадан - Мұхаммед пайғамбардың немересі имам Хұсейін өлтірілген күннен кейін 40 күн өткен соң діни рәсімге қатысу үшін осы аптада ол жаққа жүз мыңдаған шейіттер барады.