Бағыттық автобустың жүргізушісі Өскемендегі аялдамада тұрған балаларды қағып кетті

ӨСКЕМЕН. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Өскеменде № 47 бағыттық автобустың жүргізушісі аялдамада автобусты күтіп тұрған адамдарды қағып кетті.

Соның салдарынан басының ауыр жарақаттарын алған 8 жасар ұл бала және 14 жастағы қыз бала «Жабық бас-ми жарақаты», «Бас миының шайқалуы» диагнозымен Ана мен бала орталығына жеткізілді. 47 жастағы әйел шынтағы мен жіліншігін ауыртып алды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады жол полициясынан.