Бақанас орман шаруашылығына талан-таражға салынған жер телімдері қайтарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 21 маусым. ҚазАқпарат - Балқаш ауданының прокуратурасы сот органдары арқылы Бақанас орман шаруашылығының 28,5 гектар жерін қайтарып алды.

Жердің бұл көркем бөлігі Балқаш ауданы әкімінің шешімі бойынша 2001 жылдың 10 желтоқсанында Іргебаев деген азаматқа шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген. 

Аталған учаске шекарасының координаттарын өлшеу кезінде аудандық прокуратура орман қорының жерлерін заңсыз берілу фактісін анықтады.

Балқаш ауданының прокуроры Рашид Әміровтың хабарлауынша, заңсыз берілген жер учаскелерін қайтару туралы тағы сегіз арыз Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жіберілді.

«Тексеру барысында орман қоры 1 160,7 гектар жерін заңсыз пайдаланудың 18 фактісі анықталды», - дейді аудан прокуроры.