«Қазіргідей жағдайда мен елге оралып, онсыз да қиын жағдайды ушықтырмақ емеспін. Олай болуы мүмкін емес», - деді саясаткер өз мәлімдемесінде.
Бакиев сондай-ақ уақытша үкімет оны айыптап отырған елдің оңтүстігіндегі тәртіпсіздікке қатысы жоқ екенін мәлім етті. «Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларға менің тікелей де, жанама да қатысым жоқ», деп атап көрсетті ол. Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі хабарлап отыр.