Бакуде жастар арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді

БАКУ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Сәуірдің 20-сы мен мамырдың 2-сі аралығында Әзірбайжан елордасында жастар арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл байрақты бәсекеге барлық 11 салмақ санаты бойынша қазақстандық спортшылар да қатысады.

Әлем чемпионаты Әуесқой бокстың халықаралық қауымдастығының (AIBA) техникалық ережелеріне сәйкес өткізіледі. Жарысқа 17-18 жастағы былғары қолғап шеберлері қатысады.

Допинг-бақылау AIBA ережесіне сәйкес және қауымдастықтың медициналық комиссиясының бақылауымен Дүниежүзілік антидопинг кодына сай өткізілетін болады.