Хабарламаға қарағанда, ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, директорлар кеңесінің құрамы:
Асқар Мырзахметов - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі;
Қайрат Айтуғанов - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі;
Тимур Сүлейменов - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Ұлттық экономика министрі;
Бақыт Сұлтанов - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Қаржы министрі;
Болат Жәмішев - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы;
Нұрлыбек Малелов - «ҚазАгро» Холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы;
Жанна Егімбаева - тәуелсіз директор;
Асқар Елемесов - тәуелсіз директор;
Ораз Жандосов - тәуелсіз директор;
Нұржан Әлтаев - тәуелсіз директор.