ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен балабақша директоры Қарлығаш Арыстанова ҚР ҚК 361-бабы 1-бөлігі (лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану) бойынша айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге 700 АЕК көлемінде 1 млн. 387,4 мың теңге айыппұл салынды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.
«Березка» МККК және №49 «Ақ ниет» балабақша-яслиінің директоры қызметін атқарған Қ.Асқарова өз міндетін орындамаған, жұмыс орнында болмаған адамдарға негізсіз жалақы аударып отырған. Сөйтіп мемлекетке 508 706 теңге залал келтірген.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).