Балалар бақшасының аты ? ?Сарыарқа?

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Қызылорда қаласында тағы бір жеке балабақша ашылды.

"Сарыарқа" деп аталатын балдырғандар мекені "Сәулет" ықшам ауданының тұрғындарын қуанышқа бөледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Соңғы үлгіде жабдықталған балабақша 50 орынға лайықталған. Оның кең әрі жарық бөлмелеріндегі, асханадағы заманауи жиһаздар көз қуантады. Бүлдіршіндердің денсаулығын қадағалап отыратын медбикелер жұмыс жасайды. Шағын орталықта барлығы 18 адам еңбекке тартылды. Балабақшаның құрылтайшысы ? жеке кәсіпкер Ләззат Мамықова.