Балалар «Еуровидениесінде» нидерландылық жас әнші жеңімпаз атанды

АСТАНА.  Қарашаның   23-і. ҚазАқпарат -   Финалдық  концерті    сенбі күні  Киевте  өткен     балалардың «Еуровидение-2009» ән конкурсында   нидерландылық   жас орындаушы  Ральф  Макенбах    жеңімпаз  атанды.

Ол   121 дауыс алды,     деп хабарлайды  «РИА  «Новости» агенттігі.

Ал ресейлік  Катя  Рябова   мен  армениялық     Лаура Айрепетян  екінші  орынды бөлісті.

Конкурсқа барлығы 13 жас орындаушы қатысты.    Қарашаның  16-сында басталған  конкурс,  Украинадағы тұмау  індетіне қарамастан,   өтті.    Конкурсқа Швеция,  Ресей, Армения, Румыния, Сербия, Грузия, Нидерланды, Кипр, Мальта, Бельгия, Македония, Белоруссия  және Украина  өкілдері  қатысты.