16:36, 27 Наурыз 2009
Балалар құқығын сауатты қорғау үшін ? ШҚО-дағы оқу семинары
ӨСКЕМЕН. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Вита Викторова/ - Бүгін «Үміт» балалар үйінде балалар құқығын қорғау департаменті интернат ұйымдары директорлар кеңесімен бірлесіп «Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың нормативтік құқықтық актілерін қолдану тәжірибесі» тақырыбына арналған оқу семинарын өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Біздің еліміз «Балалар құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясын мақұлдады, республикамыздағы кішкентай азаматтардың құқығын қорғауға арналған заңдық және нормативтік-құқықтық базалар, «Қазақстан балалары» атты мемлекеттік бағдарлама жасалды. Сараптама көрсеткендей, балалардың жеке және мүліктік мәселелері өткір күйінде тұрғанмен де, аталған құқықтық базаларды көпшілік түгелдей дерлік біле бермейді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқын қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Раиса Шердің айтуына қарағанда, бүгінде жетім балалардың 10 пайызы ғана бекітілген баспанаға ие. Қамқоршылық органдарының мамандарын, интернаттық мекемелердің әлеуметтік ұстаздарын өмірдің қиын жағдайларына ұшыраған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын қорғаудың негізгі үлгілері мен әдістемелеріне оқыту ? бүгінгі семинардың басты мақсатына айналып отыр. Оның жұмысына еңбек және әлеуметтік қорғау, әділет министрліктері департаменттерінің, Өскемен қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің өкілдері, сот әкімшілері, ШҚО нотариалдық палатасы төрағасының орынбасары, бір сөзбен айтқанда балалардың заңды құқығының жүзеге асуына тікелей қатысы бар ұйымдар қатысады.