ОРАЛ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының бастамасымен Зеленов ауданындағы Январцев балалар үйіне спорт құралдары табыс етілді.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, балалардың жазғы демалыста спортпен дендеп айналысуы үшін үстел теннисі, шахмат, дойбы және футбол, волейбол, баскетбол доптары берілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткен шараға Зеленов ауданы прокуратурасының қызметкерлері қатысты.
Аталмыш балалар үйін прокуратура органдары үнемі қамқорлыққа алып келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).