Екі күн бойы қыздар мен ұлдар командалары Президенттік көпсайыс, тоғызқұмалақ, шағын футбол, волейбол, баскетбол және үстел теннисінен жарысты.
Жалпыкомандалық есепте № 2 мектеп-интернаттың бозбалалары чемпион атанды. Қыздар арасында Мичурино ауылындағы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері жеңіс тұғырынан көрінді.
Жүлдегерлер арасында - Павлодардағы отбасылық үлгідегі балалар ауылының спорттық командасы мен екібастұздық «Үміт» балалар үйі бар. Барлық жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталды.
Үздік спортшыларға жарыс демеушілері - «Жас Ұрпақ» қайырымдылық қорының, «Ажар» сауда нүктесі мен «Теле-2» корпоративтік бөлімінің сыйлықтары табысталды.