Балаларға «жасотандықтар» да қайырымдылық шараларын ұйымдастырды

ОРАЛ. 2 маусым. ҚазАқпарат - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

«Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дархан Қадыралиевтің хабарлағанындай, «жасотандықтар» балалармен футболдан жолдастық кездесу, асфальтқа сурет салу, қызықты тренингтік ойындар ұйымдастырса, жеткіншектер өз өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ студенттік еңбек жасақтары аула клубтары балаларына арналған мерекелік шара өткізді. Онда клубтар командалары өзара сынға түсті. Концерттік бағдарлама қойылып, шараға белсене қатысқан балалар марапатталды.

Бұл күні жазғы аула клубтары салтанатты түрде ашылды.