Б.Соқпақбаев балаларға арнап көптеген шығармалар жазған қаламгер. Жазушының «Балалық шаққа саяхат» атты туындысында жетім баланың арман тілегі, жетілу жолы, мінез-құлқының қалыптасуы, өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақ халқының қиын-қыстау тағдыры суреттеледі.
Іс-шараға 4-6 сынып оқушылары мен кітапхана қызметкерлері және мектеп мұғалімдері қатысты. Шара барысында «Халқы сүйген қаламгер» атты кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.