Абай Маслахатұлы осылайша балғындардың денсаулығы мен олардың жақсы білім алуына өзіндік үлес қосуды басты парызы санайтындығын жеткізді. Аумағы 134,4 шаршы метрлік екі қабатты нысанда баспана тапшылығын сезініп жүрген он жас маман орналасатын болады. Жалпы мұнда қазіргі кезде 236 адам қызмет ететін болса, олардың 50-і тұрғын үй тапшылығын сезінулі. Әлеуметтік жағдайдың шешілмеуіне орай кадрлар жетіспеушілігі де сезіледі. Орталықтың бас директоры Мұхитдин Төлепбаевтың айтуынша , өткен мерзімде мұнда еліміздің әр жерінен келген 58 мың бала денсаулығын түзеп, білімін жалғастырған. Осындағы жайлы жатын орын, инновациялық технологиямен жарақталған оқу кабинеттері, жыл бойы қызмет көрсететін жүзу бассейні, спорттық нысандар мен қысқы бақ балғындар игілігіне берілген.
08:51, 08 Қараша 2010
«Балдәуреннің» он жылдығына жеке кәсіпкер күрделі жөндеуден өткізілген тұрғын үйді тарту етті - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысындағы көрікті Бурабай ауданында орын тепкен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының он жылдығына орай Алматы қаласынан жеке кәсіпкер Абай Садықов орталыққа іргелес орналасқан тұрғын үй нысанын тарту етті.