18:12, 15 Сәуір 2009
Балғындар бағын да, бабын да сынады
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылорда қаласындағы 'Еуразия' спорт кешенінде 'Есірткіге жол жоқ!' ұранымен жарыс өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бәсекенің ашылу салтанатында облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаев жанымызға жат қылықтан аулақ болудың басты жолы ? спортпен айналысу екенін тілге тиек етті. Балалық шағынан спортқа қызығушылығы артқан жастардың алар асуы алда екені анық. Ақтық сынға қатысқан командалар арасында №23 мектеп оқушыларының дайындығы ерекше байқалды. Бірнеше сайыс түрінен тұратын жарыста олар бірінші орынды еншіледі. Ал үздік үштікке қаладағы №199 және №212 мектептер командалары ілікті.