2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Балқаш қаласы мен Сарышаған аралығында жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы аумағындағы республикалық жолдың учаскесі жабылды.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, «Екатеринбург-Алматы» жолының 1858-1992 шақырымындағы Балқаш қаласы мен Сарышаған аралығында көлік қозғалысы шектелді. Атап айтқанда, бұл аумақтағы жауын мен көктайғақ көлік қозғалысын қиындатып отыр, сондықтан да автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды. Ал еліміздің өзге өңірлеріндегі жолдарда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.