Балқаш ЖЭС қашан салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтың айтуынша, Балқаш электр стансасын салу бойынша әлі нақты шешім шығарылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі, Балқаш жылу электр стансасын салу бойынша Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында үкіметаралық келісім бар. Біз өз тарапымыздан барлық міндеттерді орындадық. Ол жобаны іске асыру үшін бірлескен консорциум құрылды. Оған «Самұрық-Энерго» компания, Samsung пен KEPCO кіреді. Қазіргі кезде стансаны салу мәселесі тоқтатылды. Себебі капиталды қайтару жағы реттелмей отыр. Аталған жоба бойынша нақты шешім әлі жоқ», -деді Жақсалиев бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Балқаш ЖЭС салу жобасын «Samsung C&T Сorporation» атты кәріс компаниясы іске асыруды жоспарлаған. Оған акцияның 50 1 үлесі тиесілі. SamsungC&T мен KEPCO құрылысқа 1,5 миллиард доллар салуды жоспарлаған.